ПОДЕЛИТЬСЯ
11 ақпан 2020 | 19:38
Сирияның Идлиб провинциясында тікұшақ атып түсірілді
Идлиб провинциясында сириялық әскердің тікұшағы зымыран тиіп құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Идлиб провинциясында сириялық әскердің тікұшағы зымыран тиіп құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости.
Түркия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сириялық армия Идлиб провинциясындағы Найраб елді мекенінен шегінген, сондай-ақ "оларға тиесілі бір тікұшақтың атып түсірілгені белгілі болды".
"Сириялық тікұшақ Идлиб провинциясындағы Найраб елді мекенінде зымыран тиіп, құлады, командир (тікұшақтың - авт.) қаза тапты", - деп хабарлады РИА Новости дереккөзі.
2017 жылдың мамыр айында Қазақстан астанасында Ресей, Иран және Түркия өкілдерінің келіссөзінде жасалған уағдаластыққа сәйкес Сирияда төрт деэскалация аймағы құрылған. Оның үш аумағы 2018 жылы Дамаск бақылауына өтті. Идлиб провинциясында және Латакия, Хама және Алеппо көршілес провинцияларының бөліктерінде орналасқан төртінші аймақ бұрынғысынша Республика Үкіметіне бағынышты емес. Бұл ретте оның көп бөлігін лаңкестер басып алған. 2018 жылдың қыркүйек айында Ресей мен Түркия Сочиде ондаған түрлі құрылым орналасқан Идлибте демилитаризацияланған аймақ құру туралы келісімге келді.
Показать комментарии
Читайте также