Славянскіде италиялық журналист пен оның аудармашысын өлтіріп кеткен

© AP Photo/ Alexander Zemlianichenko

Донецк облысының Славянск түбінде орналасқан Андреевка ауылында сенбі күні кешкі мезгілде италиялық журналист Андреа Роччелли мен оның аудармашысы ресейлік Андрей Мироновты өлтіріп кеткен, сондай-ақ француз фототілшісі Вильям Рогульон жараланған. Бұл ақпарат Донецк халық республикасында Twitter парақшасында жарияланған. 

РИА Новости таратқан ақпаратқа қарағанда, халық жасағының минометтік атысының астында қалған олардың машиналарына оқ жаудырылыпты. Кейбір дереккөздерінде Роччеллидің  Cesura.it порталының тілшісі екені айтылған. 

Ansa италиялық агенттігі ақпараттық дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, бұл хабар Cesuralab фотобірлестігінің  30 жасар тілшісі туралы екендігін растады. Ол әскери алаңдарда жұмыс істеген. Қазіргі таңда италиялық дипломаттар болған оқиғаны тексеруде. 

Реклама
Реклама

"Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығыста БАҚ өкілінің қайтыс болуы бірінші рет болған жағдай" - деп хабарлады  "Эхо Москвы" радиосы. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама