Словакияда көлік жүргізушісі бір топ баланы қағып кетті

© facebook.com/Polícia Slovenskej republiky

Словакияда авток?лік ж?ргізушісі 5-12 жас аралы?ында?ы бір топ баланы ?а?ып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости полиция ?кілі Даниэла Джобаникке сілтеме жасап. Жол-к?лік о?и?асы салдарынан 12 бала зардап шекті. 

Словакияда автокөлік жүргізушісі 5-12 жас аралығындағы бір топ баланы қағып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости полиция өкілі Даниэла Джобаникке сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 бала зардап шекті. 

Оқиға Попрад қаласына жақын маңда болған. "Кежмарок қаласынан шыққан жүргізушісі жол апаты салдарынан зардап шеккен жоқ және де оның қан құрамынан алкоголь табылған жоқ. Болжаммен оның көлігі бұрылыс кезінде тайып, аударылып кеткен. Ары қарай сырғып барып ол бір топ сыған баланы қағып кеткен", - деді Джобаник. 

Екі бала айтарлықтай ауыр жарақат алды, төртеуі - орташа деңгейдегі жарақат, ал қалғандары - жеңіл жарақат алдған. Полицейдің айтуынша, балаларға көмекке екі тікұшақ келген және бірнеше жедел жәрдем көлігі жеткен. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Реклама
Реклама


© facebook.com/Polícia Slovenskej republiky

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама