ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2019 | 14:00
Словакияда көпқабатты үйде газ жарылды
Словакияның шығысындағы Прешов қаласында 12 қабатты үйде газ жарылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Төтенше жағдай салдарынан бес адам қаза тауып, 40 шақты адам жарақат алған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Словакияның шығысындағы Прешов қаласында 12 қабатты үйде газ жарылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Төтенше жағдай салдарынан бес адам қаза тауып, 40 шақты адам жарақат алған.
Жұмада болған жарылыс салдарынан өрт шыққан. Болжаммен жарылыс 9-12 қабаттардың аралығында болған. Жоғарғы қабаттағы бірнеше пәтерді өрт жайлаған. Оқиға орнында полицейлер, дәрігерлер және өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі жұмыс істеген. Бірнеше адам өздігінен үйдің шатырына шыққан.
Осы жағдайға байланысты қала басшысы Андреа Тучанова төтенше жағдай жариялады. Елдің премьер-министрі Петер Пеллегрини Прешов қаласына келді.
Показать комментарии
Читайте также