ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2020 | 12:18
СІМ АҚШ-та контрабандамен айналысты деп айыпталған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері АҚШ-та қамауға алынған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері АҚШ-та қамауға алынған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қазақстандыққа Apple өнімінің контрабандасымен айналысқан деген айып тағылды. Тергеу шаралары басталған.
"Бүгінгі таңда біздің отандасымыз консулмен кездесуді сұрамады және көмек сұрамады. Соған қарамастан, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы ұсталған ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру бойынша барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетумен айналысады", - делінген хабарламада.
Дереккөз мәліметінше, ұсталған қазақстандық соңғы 10 жыл АҚШ-та тұрады.
Еске салайық, осыған дейін БАҚ өкілдері 10 адамның АҚШ-та Apple өнімдерінің контрабандасымен айналысқан деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Шығын сомасы 50 миллион доллардан (шамамен 21 миллиард теңге) асқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также