20 тамыз 2021 | 16:44

СІМ Ауғанстандағы этникалық қазақтар туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ауғанстанда шамамен 13 этникалық қазақ отбасы тұратынын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанда шамамен 13 этникалық қазақ отбасы тұратынын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы СІМ-ге Ауғанстандағы этникалық қазақтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Жұмысты біздің елшілік жүргізеді. Біздегі мәлімет бойынша Ауғанстанда шамамен 13 отбасы тұратынын атап өткім келеді. Олар елдің әр аймағында орналасқан. Негізінен елдің солтүстік провинцияларында тұрады. Елшілік олармен үнемі байланыста. Бұл топтың белсенді өкілі бар, ол елшілікпен байланыста. Қазір ақпарат барынша жиналып жатыр", - деді Рахметуллин ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол сондай-ақ этникалық қазақтарды Ауғанстаннан эвакуациялау мүмкіндігі туралы айтты.

Реклама
Реклама

"Эвакуациялауға келер болсақ, олар елдің барлық аймақтарында шашырап орналсақандықтан бір жерге жиналғанын күтеміз. Бәрі бірдей кеткісі келе ме соны да білу керек. Себебі, тұрғындардың бәрі дерлік кеткісі келмейді деген де деректер бар. Олар қазір, басқалар сияқты барлығы тынышталсын, соңы не болар екен деп күтіп отыр ғой. Яғни, бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін қорғауға уәде бергені хабарланған болатын.

Қазақстанның Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясының өкілдері Кабулдан отандастарды эвакуациялау туралы айтты. БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик қауіпсіздік себептері бойынша БҰҰ-ның 100-ге жуық қызметкері қашықтан жұмыс істеу үшін Кабулдан Алматыға ауыстырылатынын, жағдай мүмкіндік берген кезде олар Ауғанстанға оралатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, "Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная