ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2021 | 12:05
Соломон аралдарының премьер-министріне аймақтағы тәртіпсіздіктен кейін сенімсіздік вотумы беріледі
Соломон аралдарының премьер-министрі Манас Согаварға аймақта үкіметке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырылғаннан кейін сенімсіздік вотумы беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Соломон аралдарының премьер-министрі Манас Согаварға аймақта үкіметке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырылғаннан кейін сенімсіздік вотумы беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Оппозициялық демократиялық партияның жетекшісі Мэтью Уэйл премьер-министрді дауыс беру алдында өзінің саяси күшін сақтау үшін ұлттық қордағы Қытай ақшасын пайдаланды деп айыптады.
"Премьер-министр өзінің саяси күшін сақтау үшін ұлттық даму қорының (NDF) ақшасына тәуелді. Ол шетелдік державаның қызметінде болды, Соломон аралдарының мүддесі үшін қалай шешім қабылдай алады?" - деді Уэйл.
Денсаулық сақтау министрі Кулвик Тогамана COVID-19 пандемиясында Согаваренің басшылығын қолдап, оның отставкаға кетпеуі керек екенін айтты. Агенттіктің хабарлауынша, мыңнан аса адам провинцияның астанасы Аукиге Парламент отырысының тікелей эфирін тыңдау үшін жиналды.
Еске салайық, 24-28 қараша аралығында елде өткен үкіметке қарсы наразылық Хониараның шығыс аудандарының көп бөлігін қамтыған жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Қалада азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажет тауарлар жетіспейді.
Хониара айлағында қайықтарға тыйым салынды, Австралия, Фиджи, Жаңа Зеландия және Папуа-Жаңа Гвинеядан келген 200-ден аса полиция офицерлері мен сарбаздары дауыс беру жаңа зорлық-зомбылық тудыруы мүмкін деген қауіптен сақтанып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также