Солтүстік Корея АҚШ-ты "қалай жойғанын" видео арқылы көрсетті

© РИА Новости

Солт?стік Кореяда мемлекет басшысы Ким Ир Сенні? туыл?анына 105-жыл толуына орай ?йымдастырыл?ан мерекелік шарада А?Ш-?а жасал?ан зымыран со??ысыны? видеофильмі к?рсетілді, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяда мемлекет басшысы Ким Ир Сеннің туылғанына 105-жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада АҚШ-қа жасалған зымыран соққысының видеофильмі көрсетілді, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Видеороликте жаңа баллистикалық зымыранның ұшырылған сәті көрінеді. Зымыран мұхиттан өтіп барып, АҚШ-қа соққы жасайды. Ал келесі кадрлардан Американың өртеніп жатқан туын көруге болады.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, іс-шара барысында жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыран таныстырылды.

Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, КХДР 25 сәуірге дейін алтыншы ядролық сынақты өткізуі немесе зымыран ұшыруы мүмкін. АҚШ өкілдері болса "күшпен бейбітшілік орнатуға" және КХДР-ге барынша жауап қайтаруға дайын екенін айтты. 

"Америка арандату әрекеттерін жасайтын болса, біз де тез арада оларды жаппай талқандаймыз, жаппай қырғын соғысқа жаппай қырғын соғыспен, ядролық соғысқа ядролық соққымен жауап береміз", - деген еді Корей билігіндегілер мұның алдында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама