Солтүстік Кореяда ядро сынағынан 200 адам қаза тапқан - БАҚ

Солтүстік Кореяда ядро сынағынан 200 адам қаза тапқан - БАҚ © REUTERS

Солт?стік Кореяда ядро сына?ын ж?ргізу барысында жерасты тоннелі ?ира?ан, салдарынан кем дегенде 200 адам ?аза тап?ан, - деп хабарлайды РИА Новости жапонны? Asahi TV телеарнасыны? м?ліметтеріне сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяда ядро сынағын жүргізу барысында жерасты тоннелі қираған, салдарынан кем дегенде 200 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости жапонның Asahi TV телеарнасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға 10 қыркүйекте КХДР-дың солтүстік-шығысындағы Пхунгери полигонында жерасты тоннелін жүргізу барысында болған. Шамамен жүз адам тоннель қираған бастапқы кезде үйінді астында қалған. Оларды құтқару кезінде шамамен тағы жүз адам қаза тапқан. 

Оқиғаның себебі ретінде 3 қыркүйекте сыналған ядро құрылғысының жарылысы кезінде опырылған жер қыртысы делінеді. Дәл осы уақытта Пхеньян сутек бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін жариялаған. Жапония Қорғаныс министрлігі жарылыстың қуатын 160 килотонна деп бағалады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама