Солтүстік пен Оңтүстік Корея уақыт теңестірді

Солтүстік пен Оңтүстік Корея уақыт теңестірді

Солт?стік Корея са?атын 30 минут ал?а жылжытады. Осылайша, Пехеньян уа?ыты Сеул уа?ытына ауысады, - деп хабарлайды Кореяны? орталы? телеграф агенттігі (КОТА). 

Солтүстік Корея сағатын 30 минут алға жылжытады. Осылайша, Пехеньян уақыты Сеул уақытына ауысады, - деп хабарлайды Кореяның орталық телеграф агенттігі (КОТА). 

"КХДР Жоғарғы Халық Кеңесі Президиуымының жарлығы бойынша, Пхеньян уақыты 5 мамырдан бастап ресми өзгерді", - делінген хабарламада. КОТА-ның хабарлауынша, бұл алғашқы практикалық шара "ұлттың татуласуы мен бірігуіне, Оңтүстік пен Солтүстіктің келісімге келуіне қол жеткізу үшін" жасалды. 

Мұның алдындла екі ел шекарасындағы көп жылдар аудиоүгіт жүргізіліп келген дауыс күшейткіштері алып тасталатынын хабарланған еді. 

Жарнама
Жарнама

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын және оның оңтүстіктегі әріптесі Мун Чжэ Ин 27 сәуірде "Бейбітшілік үйінде" үшінші корейаралық саммитін өткізген болатын. Екі ел басшылары ортақ декларацияға қол қойып, корей түбегінің толық денуклеаризациясына беттеуге келісті. 

Жыл басынан бері екі ел арасындағы қатынас айтарлықтай жақсара түсті. Ақпанда өткен Пхенчхан Олимпиадасында екі ел өкілдері бір туды ұстап өткен. Сонымен қатар, әйелдер арасында хокейден ортақ команда құралған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама