ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2017 | 11:53
Солтүстік Корея Қырымды Ресей жері деп таныды
Пхеньянда Қырым түбегін Ресейдің бөлігі ретінде көрсетілген әлем атласы басып шығарылды, - деп хабарлайды RT. Бұл туралы КХДР-дегі Ресей елшілігі мәлімдеген.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Пхеньянда Қырым түбегін Ресейдің бөлігі ретінде көрсетілген әлем атласы басып шығарылды, - деп хабарлайды RT. Бұл туралы КХДР-дегі Ресей елшілігі мәлімдеген.
Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі Пхеньян "Түбектің Ресейге қосылу туралы өткен референдумын қолдайтыны" мәлімдеген. "Ғылыми энциклопедия" басылымы (КХДР) әлемнің жаңа саяси атласын басып шығарды. Қырым түбегінің (240-242 бет) Ресей туының түсімен боялғанына назар салдық", - делінген РФ елшілігінің Facebook желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар сыртқы саяси ведомство өкілдері Солтүстік Корея референдум қорытындысын заңды және халықаралық құқықтық нормаларға сай деп танитынын да айта кетті. "КХДР бұл мәселе бойынша БҰҰ сайлауында ресми түрде өз ұстанымын білдірді және Қырым Ресейдің ажырамас бөлігі ретінде танитынын білдіріп отыр. Пхеньян Курил аралдарына қатысты ұстанымы да осындай", - делінген хабарламада.
Қырым 2014 жылдың наурызында өткен референдум қорытындысы бойынша Ресейдің бөлігі ретінде танылды. Ол кезде түбек тұрғындарының көпшілігі Ресейге қосылуды жақтаған.
Показать комментарии
Читайте также