ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қыркүйек 2021 | 17:53
Солтүстік Корея уран байыту зауытын кеңейтеді - БАҚ
Солтүстік Корея қару-жараққа арналған уранды байыту зауыттын кеңейтуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Корея қару-жараққа арналған уранды байыту зауыттын кеңейтуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Монтерейдағы Миддлбери халықаралық зерттеулер институтының америкалық маманы Джеффри Льюис КХДР-дағы Йонбен ядролық орталығының аумағында белсенділікті тіркеген.
Маманның айтуынша, зауытты кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары қолданыстағы ғимарат маңында басталған сияқты. Суреттерде экскаватор, сондай-ақ аумақты қоршау үшін салынған қабырға көрінеді. Ол жақында қоршалған аумаққа кіруді қамтамасыз ету үшін зауыт ғимаратының бүйірінен панельдер алып тасталғанын айтты.
"Йонбеннің кеңеюі қару-жарақ өндірісі үшін ядролық материалдар өндірісін ұлғайту жоспарын көрсетуі мүмкін", - деді Льюис.
Льюистің айтуынша, жаңа алаң мыңдаған центрифугаларды орналастыруға жететіндей үлкен болуы мүмкін. Бұл қару-жарақ уран өндіретін нысанның мүмкіндіктерін 25 пайызға арттырады. Бұған дейін нысанның ауданы мың шаршы метрге өскені белгілі болды.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өз баяндамасында Йонбендегі КХДР-ның ядролық әзірлемелеріне қатысты елеулі алаңдаушылық білдіргені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также