13 тамыз 2020 | 11:53

Солтүстік Кореяда ядролық реактор бүлінуі мүмкін - БАҚ

Фото: atomic-energy.ru

Солтүстік Кореяда су тасқыны салдарынан ядролық реактор бүлінуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Кореяда су тасқыны салдарынан ядролық реактор бүлінуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 6-11 тамызда спутниктен түсірілген суреттер бұл деректі растап отыр.

Реклама
Реклама

Сарапшылардың айтуынша, 6 тамызда Солтүстік Кореядағы Кулен өзенінде су деңгейі кенеттен көтерілген. Өзен Йонбен ядролық кешенінің маңында орналасқан. 

Сондай-ақ, Йонбен кешенінде КХДР-дағы ең ірі ядролық нысан бар. Елдегі бірінші ядролық реактор осы жерден басқарылады.

"Кешендегі су тартатын сорғылардың және су құбырларының зақымдануы реакторға қауіп төндіреді", - делінген есепте.

Дереккөз мәліметінше, Йонбендегі уран өндіретін зауытқа зақым келмеген. Себебі 11 тамызда өзендегі судың деңгейі төмендеген.

Еске салайық, Корея түбегінде толассыз жаңбыр жауып, соңы су тасқынына ұласқан болатын. Салдарынан Солтүстік және Оңтүстік Корея тұрғындары қаза тапқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная