ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2020 | 18:37
Сооронбай Жээнбеков Бішкекке әскер кіргізу туралы жарлыққа қол қойды
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 9 қазандағы сағат 20.00-ден 21 қазандағы 08.00-ге дейін Бішкек аумағында төтенше жағдай режимін енгізіп, Бішкекке әскери құрамын кіргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 9 қазандағы сағат 20.00-ден 21 қазандағы 08.00-ге дейін Бішкек аумағында төтенше жағдай режимін енгізіп, Бішкекке әскери құрамын кіргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұған дейін Қырғызстан президенті Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізгені хабарланған болатын.
Хабарларға қарағанда, ол "жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде туындаған зорлық-зомбылыққа және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге байланысты қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ қоғамдық-саяси жағдайды тез арада тұрақтандыру мақсатында енгізіледі.
Ел президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, жарлық бойынша Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 9 қазан сағат 20.00-ден 2020 жылғы 21 қазан сағат 08.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай енгізу және ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев астананың коменданты болып тағайындалған. Сондай-ақ Бішкекте коменданттық сағат енгізіледі.
Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Қарулы Күштерінің Бас штабына "блокбекеттерді орнату, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, құқықтық тәртіпті сақтау және бейбіт халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін Бішкек қаласының аумағына әскери құралымдарды әскери техникамен енгізу" тапсырылады.
Еске салайық, Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтін жаппай наразылықтар басталды. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратына басып кірген. Қақтығыстарда 1,2 мыңнан астам адам зардап шекті, бір адам қайтыс болды. Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті. Президент Сооронбай Жээнбеков, оның баспасөз хатшысының айтуынша, Бішкекте және "жағдайды бақылауда ұстап отыр". Ол оппозицияны бірнеше рет диалогқа шақырған, бірақ әзірге ресми келіссөздер болған жоқ.
Оппозициялық партиялардың жетекшілері елді басқару жөніндегі үйлестіру кеңесін құрып, колониядан босатылған оппозиция жетекшісі Садыр Жапаровты премьер-министр қызметіне ұсынды. 6 қазанда Парламент шұғыл отырыста оның кандидатурасын бекітті. Бірқатар оппозиционер бұл тағайындамен келіспеді, осылайша олар өз үйлестіру кеңесін құрды және премьер-министрді сайлауға ниетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также