09 қазан 2020 13:40

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрін отставкаға жіберді

Сооронбай Жээнбеков. Фото: gov.kg

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

"Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді", - деп хабарлайды Жээнбековтың баспасөз қызметінднгілер.

Реклама
Реклама

Үкімет министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.

"Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері лауазымдарын атқарған адамдар үкіметтің жаңа құрамы қалыптасқанға дейін бұрын атқарған қызметтеріндегі міндеттерін орындауды жалғастырады", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram