26 шілде 2019 | 13:23

Сооронбай Жээнбеков Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс болған аймаққа барды

Камила Долаева Журналист
© Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасына милиция мен шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді, жағдай тұрақтанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасына милиция мен шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді, жағдай тұрақтанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Исфара қаласына баратын жол бойындағы Ақ-Сай ауылының тұрғындарымен кездесті. Сооронбай Жээнбековтің айтуынша, Баткен облысының шекарасындағы жағдай бақылауда. Ол құқық қорғау органдарына, қарулы күштерге, барлық министрліктер мен ведомстволардың басшыларына тиісті тапсырмалар бергенін атап өтті.

Реклама
Реклама


© Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

"Бүгінгі таңда тәжік тарапымен бірге қабылданған шаралардың арқасында жағдай тұрақтанды. Баткен облысына ішкі істер органдары мен мемлекеттік шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бұл жұмыс біздің өткен кездесулерден кейін жедел түрде өткізілді. Енді шекарадағы жағдайды бақылау бойынша патрульдік жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. Шекара толығымен біздің бақылауымызда болады", - деп атап өтті Сооронбай Жээнбеков.


© Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

Ол шекара маңында орналасқан ауылдардағы әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санын арттырғанын атап өтті.

"Сіздердің қауіпсіздігіңіз бен біздің мемлекеттің мүддесі алдыңғы орында. Қазіргі уақытта біз шекараға қатысты барлық мәселелерді шешу бойынша басқа да шаралармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мен және үкімет басшылары Тәжікстан басшылығымен тұрақты келіссөздер жүргізіп отырамыз", - деді Қырғызстан басшысы.


© Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, ауылдарда әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салынады. Екі апта ішінде шекара маңындағы елді мекендердің тұрғындарын жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етеді.

"Әлеуметтік мәселелер шешіледі. Ең бастысы - арандатушыларға ермеуге шақырамын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеңіздер. Қырғыздар ежелден өзінің кең пейілімен және қонақжайлығымен танымал. Біз көрші елмен жақсы қарым-қатынасты сақтауға және нығайтуға ұмтылуға тиіспіз. Жанжалдар тек зиян келтіреді. Шыдамды және ұстамды болайық", - деді Сооронбай Жээнбеков.

АҚ-Сай ауылындағы жергілікті тұрғындармен кездесу аяқталғаннан кейін ол Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмонмен Исфара шекаралық қаласына кездесуге барды.

Еске салсақ, бұған дейін қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығысқа байланысты Қырғызстан билігі Ақ-Сай және Қапчығай шекара маңындағы ауылдардың тұрғындарын эвакуациялаған еді. Жанжал Қырғызстан мен Тәжікстан президенттерінің кездесуіне дайындық кезінде басталған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная