Сот Ефремовті кінәлі деп таныды

Фото: РИА Новости©

Ресейлік актер Михаил Ефремов Мәскеуде адам өліміне себеп болған жол апатына кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Подъем Telegram-каналына сілтеме жасап. 

Ресейлік актер Михаил Ефремов Мәскеуде адам өліміне себеп болған жол апатына кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Подъем Telegram-каналына сілтеме жасап. 

Қазір Пресненск соты актердің ісіне қатысты сот үкімін оқып жатыр.

"РФ ҚК 264-бабы 4-бөлігі А-тармағында (мас күйінде, абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасау) қарастырылған қылмысқа кінәлі деп танылсын", - деді судья.

Реклама
Реклама

Mash Telegram-каналы сот залынан фото жариялады.

Материал толықтырылып жатыр.

Ефремов: Ештеңе есімде болмаса, кінәмді қалай мойындаймын?

Еске салайық, ресейлік актер Михаил Ефремов 8 маусымда жол апатына себепкер болған. Салдарынан Сергей Захаров қаза тапқан еді.

Сондай-ақ Сергей Захаровтың үлкен баласы актер Михаил Ефремовтен 6,5 миллион рубль өндіріп алғысы келетіні хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама