Сотталушылар өлім аузында жатқан күзетшіні құтқарып қалды

© Daily Mail

А?Ш-ты? Техас штаты Уэтерфорд ?аласында?ы т?рмеде б?рын к?зетші болып ж?мыс істеген Гэри Гримм инфаркт кезінде о?ан к?мектескен сотталушылар?а ал?ыс айтты, - деп жазады Lenta.ru WFAA порталына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Техас штаты Уэтерфорд қаласындағы түрмеде бұрын күзетші болып жұмыс істеген Гэри Гримм инфаркт кезінде оған көмектескен сотталушыларға алғыс айтты, - деп жазады Lenta.ru WFAA порталына сілтеме жасап.

Ер адам камераны бақылап отырған кезде есінен танып қалған. Камерадағы сотталушылар ер адамның өзін нашар сезінгенін байқап, айғайлай бастаған. Бірақ олардың айғайын ешкім елемегендіктен, олар шерифтің көмекшілерін шақыртып алып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан.

Осылайша, сотталушылар күзетшісінің өмірін сақтап қалған. 

Реклама
Реклама

"Олар менің өміріме қандай да бір зиян келтіргісі келгенде ештеңе істемей, жай ғана қарап отыра беретін еді", - дейді Гэри Гримм.

Ер адамның айтуынша, сотталушылар оны кепіл ретінде алып, қорқытып, қашып кете алар еді. "Олар есірткі қолданса да, жалған чектер дайындап, балаларды зорлаған болса да, олар адамдар. Мен оларды айыптайтын судья емеспін", - деп тағы алғысын айтты Гэри Гримм.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама