СOVID-19 алғаш рет мұздатылған теңіз өнімінің қаптамасынан табылды

Фото: РИА Новости

Қытайда алғаш рет COVID-19 мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

Қытайда алғаш рет COVID-19 мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, Циндаодағы коронавирус инфекциясының жаңа деректерін зерттеу барысында орталық мамандары мұздатылған нәлім (треска) балығының сыртқы қаптамасынан алынған сынамадан вирусты анықтаған.

Осылайша, орталық зертханадан тыс жерде мұздатылған өнімдерді тасымалдау жағдайында коронавирус қаптамада ұзақ уақыт болатынын дәлелдеген. Егер адам мұндай өнімді ұстаса, вирус жұқтыруы мүмкін.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңдағы зерттеулерге сәйкес, COVID-19 тамақ арқылы таралмайтыны анықталған. Тамақты тұтыну кезінде вирус жұқтыру дерегі тіркелмеген. Осы күнге дейін мұздатылған теңіз өнімдерін ұстау арқылы вирус жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ", - дейді орталық мамандары. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама