"Спутник V" шығарушылары балаларға арналған екпе тіркелетінін жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato

Жақында Ресейде коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркеледі деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Жақында Ресейде коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркеледі деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург қазір мамандар дәріге фармакологиялық сараптама жүргізіп жатқанын айтты.

"Қазір сарапшылар жұмыс істеп жатыр: фармакологиялық сараптама жүргізілу үстінде. Жақында тіркеу туралы оң шешім шығады деп үміттенемін", - деп бөлісті маман.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Гамалея орталығынан жасөспірімдерге арналған "Гам-COVID-Vac-M" вакцинасын тіркеу үшін құжаттар пакетін алған болатын. Вакцинация мақұлданған жағдайда ол тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама