Шри-Ланкада ашық теңізге шығып кеткен пілдер құтқарылды

видеодан үзінді

Шри-Ланкада ашы? те?ізге шы?ып кеткен екі жас пілді ??т?ару ?шін он екі са?атты? ??т?ару операциясы ?тті, - деп хабарлады Daily Mail ?скерилерге сілтеме жасап. 

Шри-Ланкада ашық теңізге шығып кеткен екі жас пілді құтқару үшін он екі сағаттық құтқару операциясы өтті, - деп хабарлады Daily Mail әскерилерге сілтеме жасап. 

Жануарларды жағажайдан бір шақырым жерден көрген. Болжаммен пілдер Коккилай лагунасынан өтіп бара жатқан уақытта ашық теңізге шығып кеткен. 

Құтқару операциясы барысында сүңгуірлер пілдерге жіп байлап, жағаға тартып шығарған. Олардың денсаулығына зиян келмеген.  

Реклама
Реклама

Бұл осымен соңғы уақыттарда болған екінші оқиға. Осыған дейін, 12 шілдеде әскерилер Шри-Ланкада ашық теңізге шығып кеткен пілді құтқарған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама