Стармер Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кететінін жариялады

Стармер Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кететінін жариялады Фото: facebook.com/KeirStarmerLabour

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кететінін және Лейбористер партиясының жетекшісі қызметінен босайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Sky News телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кететінін және Лейбористер партиясының жетекшісі қызметінен босайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Sky News телеарнасына сілтеме жасап.

Даунинг-стритте сөйлеген сөзінде Стармер келесі жалпы сайлауда партияға жетекшілік ету үшін өзінің "ең лайықты кандидат" екендігіне қатысты парламенттік фракциясының ұстанымын естігенін мәлімдеді.

"Мен бұл жауапты лайықты қабылдаймын", - деді Стармер.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, дәл осы себепті ол Лейбористер партиясының жетекшісі қызметінен кету туралы шешім қабылдаған. Стармер өз шешімі туралы корольге хабарлағанын айтты. Ол жаңа жетекшіні сайлау жөніндегі партияішілік науқан аяқталғанға дейін премьер-министр қызметінде қалатынын және "биліктің жүйелі түрде берілуі" үшін барын салатынын жеткізді.

Ол сондай-ақ өзінің ізбасарына "толық әрі сөзсіз қолдау" көрсетуге уәде берді.

Стармер Лейбористер партиясының Ұлттық атқарушы комитетіне жаңа жетекші сайлау тәртібін белгілеуді тапсырды. Кандидаттарды ұсыну 9 шілдеде басталады.

Өтінімдерді қабылдау 16 шілдеде - парламенттің жазғы каникулы басталғанға дейін аяқталады.

Партияішілік сайлау өткізілген жағдайда, Лейбористер партиясының жаңа жетекшісі қыркүйек айында парламент жұмысы қайта басталғанға дейін сайлануы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармерді сынап, оның жуырда қызметінен кететінін болжады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама