Ставропольде балалардың эскалатордан жаппай құлаған видеосы жарияланды

Ставропольде балалардың эскалатордан жаппай құлаған видеосы жарияланды Видеодан кадр

Ставроплльдегі сауда орталығында балалардың эскалатордан құлағаны туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Видеодан оқушылардың эскалатордан дұрыс түсіп жатқаны көрінеді. Бір уақытта бірнеше бала құлап түсіп, тұрып кете алмай қалған. ал артынан түсіп келе жатқан балалар ешқайда кете алмағандықтан, құлап жатқандарды баса берген. 

 

Жарнама
Жарнама

Оқиға Ставрополь қаласындағы "Европейский" сауда үйінде болған. Балалар ол жерге кинотеатрға барған еді. Жергілікті 1777.ru порталының жазуынша, үш қыз баланың шашы эскалаторға шайналып қалған. Мұғалім балалардың ең артында еді. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, зардап шеккендерді ауруханаға алып кеткен. 

Ал "Ставропольская правда" басылымы аурхунаға түрлі жарақатпен бес адам түскенін жазған. 

Қазір тергеушілер тексеріс жүргізіп, болған жайттың себебін анықтап жатыр. "Немқұрайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама