Стелс-омикронның ауырлық дәрежесі алдыңғы нұсқамен бірдей - ДДСҰ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілі омикрон BA.2 штамының жаңа түрі алдыңғы мутациямен бірдей екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Irish Times сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілі омикрон BA.2 штамының жаңа түрі алдыңғы мутациямен бірдей екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Irish Times сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ДДСҰ-ның COVID-19-ға қарсы әрекет ету тобының докторы Борис Павлин айтты. Оның айтуынша, вакциналар омикрон түрлерінен бірдей дәрежеде қорғайды.

"Вакцинация ауыр ауру түрлерінен, соның ішінде омикроннан қорғайды. BA.2 BA.1-ді тез жояды. Оның әсері айтарлықтай болуы екіталай", - деді Павлин.

Реклама
Реклама

Даниядан алынған мәліметтер бойынша, аурудың қиын өтуіне байланысты ешқандай айырмашылық жоқ екені белгілі болды.

"BA.2 штамы BA.1-ге жеткен басқа елдерге қарасаңыз, ауруханаға жатқандар күткендегіден көп екенін байқамаймыз", - деді ол.

Reuters мәліметінше, стелс-омикрон BA.2 бұған дейін көп таралған BA.1-ге қарағанда вакцина салдырған адамдарға да жұғады. Бұл Данияның 8500-ден аса үй шаруашылығында коронавирус инфекцияларына қарсы желтоқсан-қаңтар аралығында талдау нәтижесінде белгілі болды.

Штамның жаңа түрлері Филиппинде, Непалда, Катарда, Үндістанда және Данияда көп таралып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама