Стокгольм қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Дроттнинггатан көшесінде жүк көлігі бір топ адамды қағып, үшеуін мерт қылды, тағы сегіз адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Швеция радиосы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап хабарлады. Полиция жаяу жүргіншілерді қаққан күдіктіні ұстады. Швеция премьер-министрі Стефан Левен Стокгольм орталығында жаяу жүргіншілерді қағу оқиғасын теракт деп бағалады.
Жүк көлігі қатты жылдамдықпен қозғалып көшеде серуендеп жүрген адамдарды қаққан. Жүк көлігі артынша көшедегі бір дүкенге кіріп кеткен, - деп хабарлайды Швеция Радиосы.
ҚО Сыртқы істер министрлігі және Швециядағы Қазақстан елшілігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
"Швеция астанасындағы біздің дипломаттар зардап шеккендер туралы мәліметті тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта Швециядағы ҚР Елшілігінде Қазақстанның 120 азаматы тіркелген", - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Twitter.com / Lorand Bodo