07 желтоқсан 2016 15:36

Суматра маңында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 92-ге жеткен - әскерилер

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Искандар Муда" әскери округіндегілер Индонезиядағы Суматра аралы маңында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 92-ге жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


"Искандар Муда" әскери округіндегілер Индонезиядағы Суматра аралы маңында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 92-ге жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен төтенше жағдай болған төрт аумаққа барып қайттым. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандардың саны 92-ден асып кеткен", - деп келтіреді округтің генерал-майоры Татанг Сулайманның сөзін Sindo басылымы.

Пидиджая округіндегі үш аурухананың біреуіне шамамен 500-ден аса зардап шеккен адам жеткізілген. Аурухана директорының айтуынша, онда апаттан зардап шегушілер әлі де түсіп жатыр.

Жергілікті биліктегілердің айтуынша, ондаған адам әлі де қираған ғимараттардың астында жатыр. Пидиджая әкімшілігінің басшысы Аюб Аббас ондаған үйдің қирағанын айтып отыр. Полиция бастығы Аче Рио Джамбак болса, Пидиджаяның екі қаласында - Мереду мен Улегледен жағдайдың қауіпті екенін айтады.

BNPB басылымының соңғы мәліметтер бойынша, Пидиджаяда болған жер сілкінісінен 125 тұрғын үй мен 14 мешіт қираған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети