Швецияда төрт мыңнан аса бала жоғалып кеткен

© TT News Agency/REUTERS

Швецияда со??ы 4 жылда 4,5 мы? мигрант бала жо?алып кеткен, - деп хабарлайды The Local басылымы.

Швецияда соңғы 4 жылда 4,5 мың мигрант бала жоғалып кеткен, - деп хабарлайды The Local басылымы.

Басылымның мәліметінше, билік өкілдері қазіргі уақытта 4 492 баланың қай жақта екенін білмейді. Бұл балалардың ішінде елге өздері келген балалар және ата-аналарымен келген балалар бар. Швецияның көші-қон агенттігінің мәліметінге, 2018 жылдың қаңтар, ақпан айының өзінде 223 бала жоғалып кеткен. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Швецияда осы мәселе бойынша ешқандай заңның жоқ екені айтылады. 

Реклама
Реклама

 The Local мәліметінше, 2017 жылдың соңында жергілікті омбудсмен осы мәселеге қатысты бірнеше ұсыныс жасап, баяндама жасаған болатын. Алайда айтылған ұсыныстардың біреуі де қарастырылып, жүзеге асырылмапты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама