Швейцария билігі азаматтарына ай сайын 2,5 мың еуродан төлеп отырады

© imworld.ru

Швейцария өз азаматтарына ешбір себепсіз ай сайын 2,5 мың еуродан төлеп отыратын тұңғыш ел атануы мүмкін. Осы мәселе бойынша дауыс беру 2016 жылдың маусымында өтеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Егер ұсыныс мақұлданса, кәмелет жасына толған әрбір швейцар ай сайын кепіл түрде 2,5 мың франк (2,5 еуро) алып отырады. Ал балаларға 625 франк сомасында жәрдемақы төленбек. 

Заң жобасына осы өзгерісті енгізуді қолдап отырғандар бұл арқылы адамдардың үлкен жалақы беретін жерге емес, өздеріне лайық салаға жұмысқа тұра бастайтынын айтады. Сонымен қатар, айтуларынша, заң жобасы азаматтардың жұмыспен қамтылуы мен бақуатты өмір сүруінің арасындағы байланысты үзеді. 

Реклама
Реклама

Швейцария азаматтарына ай сайын ешбір себепсіз төлем жасап отыратын болса, жыл сайын 208 миллиард шығын келеді екен. Оның 153 миллиарды салықтан түседі, ал қалған сома әлеуметтік қамсыздандыру қорынан алынады делінеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама