Швейцарияда әлемдегі ең ұзын теміржол тоннелі ашылды

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын теміржол тоннелі ашылды © EPA

1 маусым күні Швейцарияда әлемдегі ең ұзын әрі ең терең теміржол тоннелі ашылды, - деп хабарлайды Euronews. Айта кетейік, тоннельдің құрылысы 17 жыл бойы жүргізілді. Оған 11 миллион еуро бөлінді.

Басылымның мәліметінше, тоннельдің ашылу салтанатына 600-ге жуық әртістер мен музыканттар қатысқан. Сонымен қатар, ЕО елдерінің басшылары шақырылыпты.

Айта кетейік, пойыздардың қозғалысы биыл желтоқсанда басталады. Тоннельмен арнайы лоторея арқылы билет ұтып алған мыңдаған жолаушы жүріп көрді.

Жарнама
Жарнама

Ұзындығы 57 шақырым болатын тоннельдің тереңдігі 2,3 шақырымға дейін қазылған екен. Жолаушылар пойызы енді тоннель ішінде сағатына 250 шақырым жылдамдықпен қозғалады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама