Швейцарияда қар көшкінінен 4 шаңғышы қаза тапқан

Камила Долаева Журналист
Швейцарияда қар көшкінінен 4 шаңғышы қаза тапқан © Pixabay

Швейцарияның оңтүстігіндегі қар көшкіні салдарынан 4 германиялық шаңғышы қаза тапты, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі. 

Швейцарияның оңтүстігіндегі қар көшкіні салдарынан 4 германиялық шаңғышы қаза тапты, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі. 

Оқиға Альпі тау жүйесінің Вале атты аймақтарының бірінде болған. Шаңғы тебуге кеткен туристер таңғы 9-да шығып, сол күйі оралмаған. Дереу жасақталған іздеу тобы жоғалған туристерді табу оңай болмағандығын айтады. Тек түскі сағат бір жарымда шыққан тікұшақ кешке қарай қар астында қалған 4 адамды тапқан. Аман қалғандар жоқ. Жалпы бұл маусымда Швейцарияда қар көшкіні салдарынан 19 адам опат болған.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама