06 наурыз 2019 09:54

Сыныптастары карбид жұтқызып, қайтыс болған оқушының өлімі Желіде шу болды

Иллюстрациялық фото

Өзбекстанның Ферғана облысында 9-сынып оқушысы карбид химиялық заттегін жұтып қойғаннан кейін қайтыс болды. Заттекті оған сыныптастары жұтқызған, - деп хабарлайды centralasian.org.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның Ферғана облысында 9-сынып оқушысы карбид химиялық заттегін жұтып қойғаннан кейін қайтыс болды. Заттекті оған сыныптастары жұтқызған, - деп хабарлайды centralasian.org.

Қайғылы оқиға 16 ақпанда Укчи ауылында болған, бірақ бұл туралы наурыздың басында анықталды.

Реклама
Реклама

"Баланың мінезі жұмсақ еді. Ал байлардың ерке балалары оны химиялық заттекті жұтуға мәжбүрлеген. Ол үйіне келіп су ішкен соң қатты айғайлай бастады. Оны ауруханаға жеткізгенмен, сол жақта көз жұмды", - деді қайтыс болған баланың туысы.

Ферғана облыстық халыққа ағарту басқармасының қызметкерлері қайтыс болған оқушының жағдайы туралы естімегенін айтты. Мектеп мұғалімдерінің бірі оқу ордасының басшылығының бұл істі у-шусыз жауып тастауға тырысып жатқанын мәлімдеген. Қайтыс болған тоғызыншы сынып оқушысының көршісі қайғылы оқиға туралы ақпаратты растады.

"Өлер алдында баланың өзі әкесінен бұл істі жауып тастай салмауды сұрады. Ауруханада ол бір баланың есімін айтты, алайда қалған оқушылардың кім екені белгісіз", - деді ол.

Басылымның хабарлауынша, оқушының қайтыс болуы әлеуметтік желілерде өзбекстандықтар арасында үлкен наразылық туғызған. Ферғаналық жазушы Нурилло Отаханов Facebook желісіндегі парақшасында жасөспірімнің қалай қайтыс болғанын естігенде есеңгіреп қалғанын жазды.

"Бұл әлемде не болып жатыр? Адамдар неге сонша жауыз болып барады? Үш-төрт күн бұрын біздің үйімізге жақын мектептердің бірінде сегізінші сынып оқушысын сыныптастары қолын байлап, карбид жұтқызған. Бала іші күйіп бара жатқандай сезініп, су ішіп жіберген, артынша іші жарылып кеткен. Бала қайтыс болды! Бұл жағдайды әлі ұмыта алар емеспін. Мұны жасаған өзі секілді балалар ғой", - дейді жазушы.

Өзбекстан бас прокуратурасы баспасөз қызметінің Газета.uz-ге берген ақпараты бойынша, химиялық заттек жасөспірімге геморрагиялық перитонит алып келген, бұл асқазанның бұзылуы, жаралануы және ішектің химиялық күйікке ұшырауы дегенді білдіреді.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, оқушы заттекті 15 ақпанда жұтқан, артынша ауруханаға жеткізілді. Жасөспірім 26 ақпанда жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram