02 мамыр 2020 | 09:19

Сырдариядағы су тасқыны: мыңдаған адам эвакуацияланып, ТЖ жарияланды

Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды, - деп хабарлайды Газета.uz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды, - деп хабарлайды Газета.uz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан, елді мекендерге, коммуникациялық желілер мен ауыл шаруашылығы алаңдарына үлкен залал тиді. Тұрғын үйлер мен басқа да нысандар су астында қалды.

Реклама
Реклама

Сардоба су қоймасының маңында тұратын 70 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 56 адам ауруханаға жатқызылды. Бөгет жарылған жерді әлі бекітіп жатыр.

Төтенше жағдай орнына ел президенті Шавкат Мирзиеев келді. Үкіметтік комиссия құрылып, халыққа көмек көрсету бойынша шаралар қабылданды.

Айта кетейік, Сардоба су қоймасы 2017 жылы Сырдария өзенінде салынған болатын. Онда 922 миллион текше метр су бар. 

Көрші елдегі бөгеттің бұзылуынан туындаған зардаптарға байланысты, Қазақстан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерінің тұрғындарын қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жаңа Тұрмыс, Жеңіс елді мекендері мен Еңбекші ауылдық округіндегі Жаңа Жол елді мекенін су басу қаупі бар.

Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная