01 шілде 2021 | 10:21

"Сіздермен байланыспауды ұйғарғанмын". Комаровский антиваксерлерге жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

Белгілі украиналық дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский антиваксерлер пікіріне эмоционалды түрде жауап беріп, вакцинацияны қолдайтындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі украиналық дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский антиваксерлер пікіріне эмоционалды түрде жауап беріп, вакцинацияны қолдайтындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақында вакцинаның екінші дозасын алғаныма (коронавирусқа қарсы. - ескерт.) бір күн болады және сонымен басталды. Егер сізді қорлап, кемсітіп, сізге бүкіл күнәні жапқанын қаласаңыз, онда кез келген вакцина туралы жағымды пікіріңізді ашық жазсаңыз жеткілікті. Осыған сүйене отырып, сіздермен (антиваксерлер. - ескерт.) байланыспауды ұйғарғанмын. Сондықтан вакцинация және коронавирус туралы Комаровскийдің журналында ғана жазамын. Себебі, онда дөрекілік көрсететін адамдар жоқ екенін білемін (...) ", -  деді Комаровский.

Дәрігердің айтуынша, оны "вакцинацияны қолдап, оны салдырған адамдардың көпшілік арасында ол туралы белсенді айтпайтыны" қынжылтады. Себебі, кез келген қоғамдық белсенділік соңы қиянат, өрескел қорлауға әкеледі және оған қарсы тұру өте қиын.

Реклама
Реклама

"Мені вакцинацияны қолдайтын пікірлер саны өте аз екені таңғалдырады. Тіпті жылдар бойы іріктелген оқырмандарымның арасында да. Себебі оған ешкім араласқысы келмейді. Пікірлерді оқыған адам мен туралы жаман ойлайды және "билікке сатылғанымен қоймай бүкіл халықтың іс-әрекетін сөгеді" деген пікір қалыптасады. Бірақ балалар, сіздер үнсіздік, дөрекілік, зұлымдыққа қарсы болмасаңыз, күмәні барлар зұлым топқа өтіп кететінін білесіз бе? Осы туралы ойланып көріңіз", - деді Комаровский.

Дәрігер балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауға 40 жыл жұмсағанын және бұл оның жалғыз мақсаты екенін айтты.

Комаровский AstraZeneca вакцинасын салдырғанын атап өтті, өйткені бұл оған қол жетімді алғашқы вакцина болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная