Тағы бір жүргізуші өзінің жантүршігерлік жол апатына ұшырағанын видеоға түсіріп алды

видеодан үзінді

Желіде видео тіркеу ??рыл?ысы т?сіріп ал?ан жол апатыны? видеосы жарияланды, онда жол апатына бірнеше секунд ?ал?ан с?т т?сірілген, - деп хабарлайды TVzvezda.ru порталы. Спортты? Mercedes автомобиліні? жылдамды?ы шамамен са?атына 200 ша?ырымды к?рсеткен. Ж?ргізуші то?тап ?лгере алмай, ж?к к?лігіні? арт?ы д??гелектеріне со?ыс?ан.  

Желіде видео тіркеу құрылғысы түсіріп алған жол апатының видеосы жарияланды, онда жол апатына бірнеше секунд қалған сәт түсірілген, - деп хабарлайды TVzvezda.ru порталы. Спорттық Mercedes автомобилінің жылдамдығы шамамен сағатына 200 шақырымды көрсеткен. Жүргізуші тоқтап үлгере алмай, жүк көлігінің артқы дөңгелектеріне соғысқан.  

Жол-көлік оқиғасы 2 сәуірде Ресей Федерациясының құрамына кіретін Мордовия республикасында, қала сыртындағы тас жолда болғаны жазылған. Жүргізушінің жағдайы жайлы мәлімет жоқ. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда жүргізуші өзінің жол апатына ұшыраған сәтін видеоға түсіріп алған еді. 

Видеоны түсіру сәтінде жүргізуші автор мен оның жолаушысы көліктің жылдамдығы жайында айтып келе жатады."Мынау 240 деген осындай болады Шымкенттiн жолында (Вот что значит 240 км/ч на шымкентской дороге)", - дейді роликтегі адамдардың бірі. Ер адам өздерінің қасынан сағатына 260 шақырым жылдамдықпен басқа бір көліктің оза шыққанын айтады. 

Бірнеше секундтан соң, автомобиль жолдың шетіне шығып кетіп жол-көлік оқиғасына тап болады. Осы кезді жүргізуші видеоға түсіріп алған.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама