ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қараша 2021 | 13:59
Тағы бір еуропалық ел екпе алмағандарға локдаун жариялайды
Чехия коронавирусқа қарсы екпе алмағандарға және ауырмағандарға локдаун енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Чехия коронавирусқа қарсы екпе алмағандарға және ауырмағандарға локдаун енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Чехия Үкіметі 18 қарашадағы отырыста шектеулердің толық тізімін бекітуді жоспарлап отыр. Локдаунның себебі - елдегі ауруғандар санының артуы. Бұрын екпе алмағандарда тест нәтижесі теріс болса, қоғамдық орындар мен іс-шараларға бара алатын еді.
Енді дүйсенбіден, 22 қарашадан бастап Чехияның екпе алмаған тұрғындарына қоғамдық орындар мен іс-шараларға кіруге тыйым салынады.
Премьер-министр Андрей Бабич теріс тест нәтижесі бұдан былай қоғамдық орындарға баруға, іс-шараларға қатысуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті.
Еске салайық, ЕО-ның екпе алмағандарға локдаун енгізген алғашқы елі Австрия болды. Екпе алмағандар жұмысқа немесе кез келген басқа қоғамдық орындарға, соның ішінде дүкендерге тек тест болған жағдайда бара алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также