ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2022 | 23:24
Тағы қанша қазақстандық Украинадан эвакуацияланады?
Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесші-уәкілі Сергей Коновалов қанша қазақстандық репатриация рейсін күтіп отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесші-уәкілі Сергей Коновалов қанша қазақстандық репатриация рейсін күтіп отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше Алматыға 175 адам, бүгін Нұр-Сұлтанға 124 адам келді. Осылайша, 300 адамды әскери қақтығыс аймағынан эвакуацияладық. Польшадағы қауіпсіз аймақта әлі 74 адам бар. Олардың барлығы қонақүймен қамтамасыз етіліп, үшінші рейсті күтіп отыр (Қазақстанға. - ескерт.).
Киевтегі елшілікте қызметкерлерді қоспағанда, 30 адам бар. Елшімен бірге олардың барлығы да тамақпен қамтамасыз етілген. Бірақ жақын арада олармен байланыс үзіледі деп ойлаймыз, өйткені әлі бомбалап жатыр", - деді ол журналистерге Нұр-Сұлтан әуежайына қонғаннан кейін.
Оның айтуынша, басты қиындық - Ресеймен шекараға жақын қалалардағы қазақстандықтарды эвакуациялау.
"Харьковтан 20 адам күтеміз, жақын арада олар эвакуацияланады. Львовтан да жақын арада тағы 15 адам шығады, бұл - шекараға ең жақын аймақ. Эвакуация көлігі қазір өте қымбат, Львовқа дейін және одан әрі Катовице шекарасына дейін автобус бағасы 10-15 мың долларға дейін жетеді. Сондықтан қазір елшілікті қамтамасыз ету және эвакуацияны жалғастыру үшін қосымша қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр", - деп түсіндірді Коновалов.
Оның айтуынша, қазір үшінші эвакуация рейсі әзірленіп жатыр. Азаматтар жиналғасын ұшады.
"Жақын арада 600 адам эвакуациялауға өтініш білдірді. Бір жарым мыңы консулдық бөлімнің есебінде тұр. Дәліз бар кезде, мүмкіндік болғанша, эвакуация жалғасады. "Эйр Астанаға" алғыс білдіреміз, олар барлық технологиялық кезеңдерді жүзеге асырып отыр", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также