09 ақпан 2020 | 09:49

Таиландта атқыштың көзі жойылды

© REUTERS

Тайдың Накхон Ратчасима қаласында көшедегілерге оқ атқан атқыш, тай әскерінің сержанттың көзі жойылды, - деп хабарлайды "Тхаи Рат ТВ".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тайдың Накхон Ратчасима қаласында көшедегілерге оқ атқан атқыш, тай әскерінің сержанттың көзі жойылды, - деп хабарлайды "Тхаи Рат ТВ".

Телеарна мәліметінше, қылмыскер сауда орталығының жертөлесінде орналасқан супермаркетте жалғыз қалған.

Реклама
Реклама

Қаза тапқан полицейлерді қоса алғанда, 21 адам атыс құрбаны болды. Басқа мәліметтер бойынша, 25 адам қаза тапты. Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 63 адам жараланды.

"Арнайы жасақ өкілдері қылмыскердің көзін жойды. Бұл 15 минут бұрын болды. Бұл туралы бізге полиция арнайы жасағын басқару бөлімінің өкілдері айтты", - деді телеарна тілшісі оқиға орнынан. 

Ұлттық полиция бас басқармасының басшысы генерал Чактхип Чайчинда атқыштың көзі жойылғанын растады және операцияның аяқталғанын жариялады. Толығырақ мәлімет беруден бас тартты

Еске салайық, тай армиясының әскери бөліміне қызмет ететін сарбаз бөлімнің автомобилін айдап әкетіп, қала орталығына барған. Мұнда ол көлігімен жүріп көшедегілерге оқ атқан. Оқиғадан 17 адам қаза тапқан, тағы 16 адамды ол кепілде ұстап отыр. 

БАҚ мәліметінше, қаскөй сауда орталықтарының бірінде жасырынған. Ол өз шабуылын Facebook желісінде тікелей эфирде көрсеткен, кейін оның аккаунты бұғатталған.

Бұған дейін атыстан кем дегенде 12 адамның қаза болғаны хабарланған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная