Тайландта бір топ адам ұлыбританиялық қарт туристерді соққыға жықты

© Mirror.co.uk

Тайландтағы әйгілі Хуахин шипажайында жергілікті жастар Ұлыбританиядан демалуға келіп, тай Жаңа жылын тойлап жатқан зейнеткерлерді және олардың үлкен баласын аяусыз ұрып-соқты, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы. 65 жастағы әйел мен 68 жастағы ер адам және олардың 43 жастағы ұлы ауруханаға жеткізілді.

Зейнеткерлерге шабуыл түнгі уақытта көшелердің бірінде жасалған. Куәгерлердің айтуынша, жастар зейнеткерлерді көше ортасында аяусыз соққыға жыққан, кейін туристер естерінен танып қалыпты.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, полицейлер осы дерек бойынша төрт күдіктіні ұстады. Олар 20-30 жас аралығындағы жастар. Жәбірленуші әйел, оның күйеуі мен баласы қазір ауруханада жатыр. Әйел бассүйек-ми жарақатын алған. Туристер енді бұл елге ешқашан келмейтіндерін айтты.


Соққыға жығылған зейнеткерлер. © mirror.co.uk


Ұсталған жастар. © mirror.co.uk


© mirror.co.uk

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама