03 қыркүйек 2021 | 13:38

Таиландта екі түрлі вакцина салудың тиімділігі туралы айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі Sinovac және AstraZeneca вакциналарын араластырып салу коронавируспен күресуде тиімді екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі Sinovac және AstraZeneca вакциналарын араластырып салу коронавируспен күресуде тиімді екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Тайланд шілдеде қытайлық вакцина мен батыста шығарылған вакцинаны араластырып салған әлемдегі бірінші ел болды, өйткені елде жағдай қиындап, өлім дерегі көбейіп кеткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің аға өкілі Супакит Сирилак Sinovac пен AstraZeneca вакциналарын араластыру қауіпсіз екенін және Тайландта екпе алған алғашқы 1,5 миллион адамның иммунитеті жақсарғанын айтты.

Реклама
Реклама

©REUTERS

Министрлік Sinovac - AstraZeneca комбинациясы AstraZeneca вакцинасының екі дозасын салғанмен бірдей ммунитетті көтеретінін айтты.

Агенттік AstraZeneca вакцинасын шығаратын Таиланд бұдан былай Sinovac CoronaVac вакциналарының екі дозасын салмайтынын айтты. Олар екі вакцинаны араластыру, вакцинаны тезірек салып бітуге мүмкіндік береді деп санайды.

©REUTERS

Қазір Тайландта халықтың тек 13 пайызы ғана екпе алған, олардың саны 66 миллионнан асады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус вакциналарын араластырмауға кеңес беріп, оны "қауіпті үрдіс" деп айтқан болатын.

Сонымен қатар, Еуропалық зерттеуші де COVID вакциналарын араластыру қауіпсіз және тиімді деп санайды. Германия канцлері Ангела Меркель де AstraZeneca вакцинасының орнына Moderna вакцинасының екінші дозасын алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады