ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қазан 2020 10:36
Таиландта наразылық шарасы: Бангкокта ТЖ режимі жарияланды
Таиланд билігі соңғы күндері үкіметке қарсы наразылық шаралары салдарынан Бангкокта төтенше жағдай жариялады, - деп хабарлайды Bangkok Post газеті.
Таиланд билігі соңғы күндері үкіметке қарсы наразылық шаралары салдарынан Бангкокта төтенше жағдай жариялады, - деп хабарлайды Bangkok Post газеті.
Басылымның мәліметінше, Бангкоктағы төтенше жағдай бейсенбіде күшіне енді. Наразылық білдірушілер Үкімет үйінің маныңдағы митинг орнынан кетіп жатыр.
Осылайша, демонстранттар 2014-2019 жылдары елді басқарған әскери үкіметтің саясатын, конституцияны өзгертуді және монархияны реформалауды жалғастыратын премьер-министр генерал Прают Чан-Очтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр.
Reuters ресми құжатқа сүйене отырып, Таиланд билігінің бес адамнан тұратын топтардың жиналуына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін хабарламалар мен жаңалықтарды жариялауға тыйым салғанын айтады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу