Тайландта үңгірде қалып қойған барлық жасөспірім мен жаттықтырушы құтқарылды - БАҚ

© REUTERS

Тайландта ??гірде ?алып ?ой?ан 12 жас?спірім мен жатты?тырушы ??т?арылды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Spring News телеарнасына сілтеме жасап.

Тайландта үңгірде қалып қойған 12 жасөспірім мен жаттықтырушы құтқарылды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Spring News телеарнасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, құтқарушылар тобы оларды жергілікті уақыт бойынша сағат 17.43-те құтқарған.

Құтқару операциясының үшінші кезеңі сейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 10.08-де басталған еді. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 12 футболшы бала мен олардың жаттықтырушысы 23 маусымда Тхам Луанг үңгіріне кірген. Бірақ аяқ астынан жауын жауып, үңгірді су басып, олар сонда қамалып қалған болатын. Ал жексенбі күні төрт жасөспірімнің құтқарылғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Илон Масктың Таиландтағы үңгірде қамалып қалған балаларды құтқаруға көмектесіп жатқаны айтылған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама