Таиландтағы атыстан 17 адам қаза тапты: сарбаз тағы 16 адамды кепілге алған

Бейнебақылау камерасына түсірілген видео

Thai Rath басылымы тайдың Накхон Ратчасима қаласында көшедегілерге оқ атқан атқыш бейнеленген деген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол құрлық әскерінің аға сержанты екен.

Thai Rath басылымы тайдың Накхон Ратчасима қаласында көшедегілерге оқ атқан атқыш бейнеленген деген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол құрлық әскерінің аға сержанты екен.

Роликтен қару ұстаған адамның сауда орталығының ішінде жүргені көрінеді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, тай армиясының әскери бөліміне қызмет ететін сарбаз бөлімнің автомобилін айдап әкетіп, қала орталығына барған. Мұнда ол көлігімен жүріп көшедегілерге оқ атқан. Оқиғадан 17 адам қаза тапқан, тағы 16 адамды ол кепілде ұстап отыр. 

БАҚ мәліметінше, қаскөй сауда орталықтарының бірінде жасырынған. Ол өз шабуылын Facebook желісінде тікелей эфирде көрсеткен, кейін оның аккаунты бұғатталған.

Бұған дейін атыстан кем дегенде 12 адамның қаза болғаны хабарланған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама