Таиландтағы балабақшада атыс болды: қаза тапқандар бар

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:twitter.com/ChaudharyParvez

Таиландтың солтүстік-шығысындағы балалар орталығында атыстан 30-ға жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Таиландтың солтүстік-шығысындағы балалар орталығында атыстан 30-ға жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Полиция генерал-майоры Ачай Крайтонг ер адам Нонгбуа Лампху қаласында күндіз атыс шығарғанын айтты.

Реклама
Реклама

Полиция мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл жасаған бұрынғы полиция қызметкері. Ол жақында жұмыстан босатылған. Ер адам алдымен төрт қызметкерді, оның ішінде жүкті болған мұғалімді атып тастаған.

Ол оқиға орнынан қашып үлгерген, полиция оқиғадан кейін іздеу жұмыстарын бастағаны айтылды. Атыс құрбандары арасында ересектерден басқа 22 бала бар.

Кейін ер адам өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама