Тайваньдағы би кешінде шыққан өрттің себебі анықталды

Тайваньның Синьбэй қаласындағы көңіл көтеру орнындағы өрттің шығу себебі анықталды, - деп хабарлайды Lenta.ru

Басылымның мәліметінше, өрттің шығуына тұтандырылған темекінің ұшқыны себеп болуы мүмкін. Кешті ұйымдастырушы Лу Чжунцзи мен түрлі-түсті ұнтақ себетін және жабдықтарға жауап беретін екі қызметкердің үстінен оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер кепілақы төлеп, бостандыққа шықты.

Жергілікті телеарналар кешті ұйымдастырушы Лу Чжунцзидің зардап шегушілерден тізерлеп тұрып кешірім сұраған сәтін жариялады. Ол бар жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Тайваньның Синьбэй қаласындағы көңіл көтеру орнында жергілікті уақыт бойынша сенбі күні сағат 23.00 шамасында өрт шыққан болатын. Мыңға жуық адам би билеп жатқан сахнаның астында белгісіз ұнтақ себіліп, ол өртеніп кеткен. Бұдан кейін демалушылар өртке оранды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, өрттің салдарынан 500 адам күйіп қалды, оның 200-і жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың көбінің денесінің 50 пайызын күйік шалған. Сегіз адамның жағдайы тым ауыр.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама