Тайваньдағы зілзаладан қаза тапқандар саны 6-ға жетті

Тайваньдағы зілзаладан қаза тапқандар саны 6-ға жетті © РИА Новости

Тайваньдағы зілзаладан қаза тапқандар саны 6-ға жетті, тағы 378 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды РИА Новости  басылымын жергілікті CTI телеарнасына сілтеме жасап.

Reuters мәліметінше, адамдардың денелері 17 қабатты үйдің қирандылары астынан табылған. Қаза тапқандардың ішінде өмірге келгеніне 10 күн болған қыз бар.

Реклама
Реклама

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, магнитудасы 6,4-ке тең жер сілкінісі Тайвань аралының оңтүстік бөлігінде болған. Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 6 ақпанда 3.57-де тіркелді. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте пайда болған. 

Құтқарушылар үйінділер астынан адамдарды шығаруды жалғастырып жатыр. ҚХР Қызық Крест қоғамы зілзаланың салдарын жою үшін 300 мың доллар бөлді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама