Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

20 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы, 64 жастағы Курбонби Рахмонова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

20 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы, 64 жастағы Курбонби Рахмонова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің мәлімет бойынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтырып, Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада емделген.

Рахмонова 21 шілдеде елдің оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленеді.

Реклама
Реклама

Қазаға байланысты Тәжікстан үкіметі ел президентіне, оның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Айта кетейік, 5 шілдеде Тәжікстан президенті жұбайының анасы, 88 жастағы Өзбекби Асадуллоева коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама