ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2023 | 08:48
Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды
ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 06.37-де (Алматы уақыты бойынша) Тәжікстан аумағында магнитудасы 7 балл болатын жер сілкінісін тіркеді. Әзірге опырылған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде 20 шақырым тереңде орналасқан.
Оңтүстік астанада жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді.
"Жағдай тұрақты. "112" және "101" желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ", - деді Алматы ТЖД өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также