ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 ақпан 2020 11:43
Тәжікстандық блогер Dolce & Gabbana елшісі болды
Тәжікстандық блогер Мадина Басаева Dolce & Gabbana сән үйінің елшісі болды. 20 жастағы Мадина 23 ақпанда Миланда өткен сән апталығында жаңа күзгі-қысқы топтаманың көрсетілімінде подиумға шықты, - деп хабарлайды CentralAsia.
Сән көрсетіліміндегі суреттерін Мадина Басаева Instagram және TikTok-та жариялады.
Блогер фонограммамен белгілі әндерді орындағаннан кейін танымал бола бастаған.
Ол Душанбеде дүниеге келген, алайда кейін Екатеринбургке, ал 2017 жылы Мәскеуге көшіп келген екен. Кей Интернет қолдаланушылары қызды оның суреттері мен видеоларында іші тым ашық деп те сынайды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу