04 мамыр 2021 09:01

Тәжірибе үшін 40 күн аш жүрген блогер қайтыс болды

Фото: Виталий Выграновский / vk.com

Абхазияда 40 жастағы блогер Виталий Выграновский қайтыс болды. Ол 40 күн тамақ, су ішпей тәжірибе жүргізген болатын, - деп хабарлайды НТВ.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абхазияда 40 жастағы блогер Виталий Выграновский қайтыс болды. Ол 40 күн тамақ, су ішпей тәжірибе жүргізген болатын, - деп хабарлайды НТВ.

Ер адам YouTube-арнасында блог жүргізетін. Аштықты наурызда Мәскеуде бастаған. 

Оныншы күні блогердің жағдайы нашарлап, оған қаладағы атмосфера ұнамай, Абхазияға кетуді шешкен. Жиырмасыншы күні блогер толығымен тазарғанын айтқан, бірақ қатты азып, физикалық тұрғыда белсенді болуға шамасы жетпеген. 35-ші күні ер адам жағдайы нашарласа да аштықты тоқтатпаған. 

Реклама
Реклама

"Қалай өтті? Бұл жай ғана ойын болды. Өте қызық. Паразиттер кетіп, тамақты аңсап тұрмаймын. Денем толығымен жаңарды", - деген еді Виталий Выграновский. 

Блогердің таныстары әлеуметтік желіде ол "құрғақ аштықтан шығу кезінде" қайтыс болғанын жазған. Блогердің нақты неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін анықталады.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram