"Талибан" алғаш рет әйелдерді басшылық қызметтерге тағайындады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 434
comments icon 0
©REUTERS ©REUTERS

2021 жылдың жазында Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) алғаш рет әйелдерді басшылық қызметке тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың жазында Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) алғаш рет әйелдерді басшылық қызметке тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Талибан" қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Кабулда екі әйел жоғары қызметке тұрды. Біреуі мамандандырылған перзентхананың директоры, екіншісі гинекологиялық емхананы басқарады.

Дәрігер Малалай Рахым еліміздегі жалғыз акушерлік-гинекологиялық арнаулы перзентхананың директоры болып тағайындалды. Кабулдың Шахрар ауданындағы емхананы доктор Ариан басқарды.

©REUTERS

Сонымен қатар, тәліптер 6 провинцияда жарты жыл бойы жабық тұрған университеттерді ашқаны хабарланды. Студент қыздар оқуын жалғастырады, бірақ ерлер мен әйелдер сабақта бөлек отырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная